Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу: мерзімді басылымдар көрмесі
25 қыркүйек күні Абай кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте жариялаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған көрме ұйымдастырылды. Шараға ҚР ТЖМ Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімнің қызметкері мен бөлім сарбаздары қатысты.
Көрмеге 2025 жылдың қыркүйек айында жарық көрген «Дидар», «Семей таңы», «JAS ALASH», «Заң», «Egemen Qazaqstan», «Ертіс өңірі», «Спектр», «Рудный Алтай», «Казахстанская правда» секілді мерзімді басылымдар қойылды.
Кітапхана қызметкері Мемлекет басшысы Жолдауда атап өткен елді жаппай цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу, сондай-ақ цифрлық Алатау қаласының даму перспективалары сынды стратегиялық бағыттар мен бастамалар туралы кеңінен мағлұмат берді. Бұл бастамалардың барлығы – еліміздің одан әрі қарқынды дамуына арналған нақты қадамдар екені айтылды.





