Абай кітап оқыған жер: кітапханаға саяхат
30 қыркүйек күні Семей қаласындағы Электротехникалық колледжінің 1-курс студенттері үшін оқу залының маманы кітапханаға экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия оқу залынан басталып, студенттер кітапхананың бай кітап қорымен танысты. Олар абонемент бөлімі, библиографиялық бөлім, мерзімді басылымдар бөлімі және шет тілдер бөліміне барды. Әр бөлімнің жұмысымен танысып, қытай тілін тегін оқыту курстары туралы ақпарат алды.
Кітапхана маманы студенттерге 19 ғасырдың аяғынан бастап қызмет етіп келе жатқан кітапхананың тарихы жайлы әңгімелеп, саяси жер аударылғандар мен қазақтың көрнекті қайраткерлерінің қаланың мәдени өміріне қосқан үлесі туралы айтып берді.
Экскурсия барысында студенттер Абай атындағы рухани орталыққа барды. Онда олар ұлы ақынның қолында болған, қаладағы тұңғыш көпшілік кітапхананың сирек кездесетін басылымдарын тамашалады. Сондай-ақ, Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің 200 жылдан астам тарихы бар түпнұсқа басылымдары – жазбалар, естелік кітаптар және Абай шығармаларының дүние жүзінің бірнеше тіліне аударылған нұсқаларымен танысты.






