Қарттарым – асыл қазынам: кітап көрмесі
1 қазан күні Халықаралық қарттар күніне орай Абай кітапханасында «Қарттарым – асыл қазынам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге П.Абрахамстың «Егде жастағы денсаулық», А.Дыскиннің «Дұрыс жүру – 40 жастан кейін жас әрі сау болып қалудың оңай жолы», «Возрастная психология», А. Дыскиннің «Здоровье и труд в пожилом возрасте», Л. Хейдің «Исцели свое сознание» және басқа да еңбектер қойылды.
Бұл кітаптарда денсаулықты сақтау, күнделікті жаттығулар жасау, ұзақ әрі белсенді өмір сүрудің жолдары баяндалған. Сондай-ақ, егде жастағы адамдардың шығармашылыққа, өмірге деген құштарлығын арттыру және түрлі аурулардың алдын алу жөнінде пайдалы кеңестер берілген.
Халықаралық қарттар күні – аға буынның бізге қалдырған өнегесін еске алып, олардың қоғамдағы орнын бағалауға тамаша мүмкіндік.





