Ұлт келбеті – ұстаз: кездесу
Абай кітапханасында 3 қазан күні Абай кітапханасының құрылған күні мен Ұстаздар күні мерекесіне орай «Ұлт келбеті – ұстаз» атты тағылымды кездесу өтті. Шараға бұрынғы Абай атындағы мәдени-ағарту училищесінің ұстаздары мен мектеп кітапханашылары қатысты.
Кештің шымылдығын кітапхана директоры Мерей Қарт ашып, қос мерекенің маңыздылығына тоқталды. Шараның сәнін Семей қалалық мәдениет үйінің әншісі Саяхат Тұрлыбековтің орындауындағы Абайдың әні аша түсті.
Кездесу барысында қонақтар – Республикалық «Абай Құнанбаев» қоғамдық қорының президенті, ҚР мәдениет қайраткері Отантай Кәрібжанұлы, Абай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ҚР мәдениет саласының үздігі Мұрат Сейсенұлы және IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің оқытушысы, кітапханашы Дәметкен Кәкешқызы өз өмір жолдары мен ұлағатты ұстаздық қызметі жайында әсерлі әңгіме өрбітті.
Шара соңында кітапхана директоры қатысушыларға естелік ретінде кітаптар тарту етіп, кешті қорытындылады.
Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер – ұстаз еңбегін ұлықтап, рухани құндылықтарды насихаттаудың тиімді жолы.








