О. Бөкей «Атау кере»: оқырмандар конференциясы
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында 15 қазан күні XX ғасырдың аса ірі тұлғасы, жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің «Атау-Кере» романы бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.
Шығармаларының бай тіл өрнегі мен терең философиялық мәні арқылы ерекшеленетін жазушының бұл туындысы қазақ прозасының биік үлгісінің бірі болып саналады. «Атау кере» романы жалпыұлттық сауалнама нәтижесінде отандық әдебиеттің үздік 100 шығармасының қатарына енді.
Оқырман конференциясына Семей қаласының №31 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушылар «Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылық жолындағы жетістіктері» тақырыбында баяндама жасап, романдағы негізгі кейіпкерлер мен олардың тағдырларына жеке-жеке тоқталды. Сонымен қатар, шығармадағы адам мен табиғаттың үйлесімі, өмір мен өлім, рух пен адамгершілік мәселелері талқыланды.
Конференция соңында Абай кітапханасы атынан №31 мектеп оқушыларына іс-шара барысында белсенділік танытқаны үшін алғыс хаттар табысталды.





