Ш.Уәлиханов – Шығыстың жарық жұлдызы: тарихи портрет
14 қазан күні Абай кітапханасы қызметкерлері қаламыздағы жоғарғы гуманитарлық заң колледжі студенттеріне қазақ ғалымы, этнограф, тарихшы, жазушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Ш. Уәлиханов – Шығыстың жарық жұлдызы» тақырыбында шара ұйымдастырды.
Шара барысында ғалымның өмірбаяны, балалық шағы, Қашқарға сапары туралы слайд көрсетілімі ұсынылып, шолу жасалды. Сондай-ақ, оның ғалым орыс достары: Ф.М. Достоевский, Г. Потанин, П. П. Семёнов-Тян-Шанскийлар туралы да ақпараттар берілді. Қатысушылар назарына Ш.Уәлиханов өмірінен сыр шертетін кітап көрмесі ұсынылды.
Іс-шара соңында студенттерге ақын шығармашылығы мен өмірбаяны туралы викторина ойнатылды. Белсенділік танытқан А. Аменова, С. Шонаева, А. Оразгалиева және Р. Кенжегалиевтарға ынталандыру сыйлықтары табысталды.




