Кітапханалар қызметі: дәстүр және жаңашылдық: семинар – практикум
23 қазан күні Абай кітапханасында Кітапханашылар күніне орай, Абай облысы бойынша кітапханашыларға арналған «Кітапханалар қызметі: дәстүр және жаңашылдық»: тақырыбында семинар-практикум өтті.
Аталмыш шарада «Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ басшысының орынбасары Олжас Соғымбай сөз бастап, мамандарға жүрекжарды алғысын білдірді. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының ақпараттық ресурстар және жастар саясаты жөніндегі орынбасары Жолдыбалинов Нұржан Нұрланұлы «Қазақстанның Бірыңғай автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесі (E-ABIS)»: пилоттық нұсқаны жайында әріптестермен ой бөлісіп талқылап, Alikhan Bokeikhan University оқытушысы Ғалия Рахметоллақызы «Кітапханашының коммуникативтік құзіреттілігі: сөйлеу әдебі және эмоция»: шеберлік сыныбын өткізді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің п.ғ.к. Туенбаева Калима Төлеубайқызы «Кітапхана кадрларын даярлау жүйесі: сын-қатерлер, мүмкіндіктер және үздік тәжірибелер» тақырыбында қашықтықтан дәріс оқып, Абай атындағы облыстық кітапхананың маманы Адикаева Рахила Хажиахметқызы «Кітапханашылардың кәсіби дағдыларын дамыту» тақырыбында әріптестер арасында ойын тренингін ұйымдастырып, осы кітапхананың жас маманы Турсынова Дильназ Дулатқызы «Іс жүргізу және корпоративтік коммуникация: HR құжаттарының сауатты үлгілері» дәрісімен ой бөлісті.
М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің Сахна тілі пәнінің оқытушысы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Алепарова Мейрамгүл Ақшабекқызы Кітапхана қызметіндегі тіл мәдениетінің өзекті мәселелерін жеткізе айтса, кітапхана мамандары Мақсат Изекенов, Любовь Ивьльевалар «Excel» бағдарламасының негізгі мүмкіндіктерін қолдануды практикалық тұрғыда көрсетіп, қолжетімділік түрде үлгілер көрсетті.
Кітапханашылар күніне арналған шара 24 қазанда өз жалғасын табады.











