Кітапханашы күнделігі: театрландырылған қойылым
24 қазан – Кітапханашылар күніне орай Абай кітапханасында кітапсүйер қауымға есімі кеңінен танымал ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенқызы Нұрғалиеваның «Кітапханашы күнделігі» театрландырылған қойылымы болды. Қойылымды сахналаушылар қаламыздағы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Ес- аймақ» студенттік жастар театры.
Бұл сахналанған қойылым кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін ұлттык құндылықтармен оқырман арасын жалғастырушы кітапханашылар қауымының жұмыс сәтін, ойын, толғанысын, мұңын, қуанышын, пәлсапасын оқырманмен таныстаратын көпір болды десек артықтық етпес.
Екі жылға жуық жинақталған автор ойының нәтижесі – бүгінгі күннің кітапханашысының нағыз өмірі.







