Шығыстың жарық жұлдызы – Шоқан Уәлиханов: ақпараттық сағат
7 қараша күні Абай кітапханасының маманы қаламыздағы электротехника колледж студенттері үшін «Уәлиханов – Шығыстың жарық жұлдызы» атты ақпараттық сағат өткізді. Студенттер дүние жүзіне танымал болған ғылыми ізденістерді артқа қалдырған қазақ халқының біртуар тұлғасымен танысты. Кітапханашы Шоқанның балалық шағы, жастық шағы, достары мен ұстаздары туралы әңгімелеп, ғалымның ата-бабасының шежіресін зерделеді.
Студенттер Шоқанның Қашғарға сапары Семейде ұйымдастырылғанын да білді. Студенттерге тұсаукесер көрсетіліп, кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітаптардың ішінде: «Қазақстанның әскери тарихының атласы», онда Шоқан Уәлиханов қазақтың тұңғыш офицері ретінде ұсынылған, С. Өтениязовтың «Шоқанмен қайта кездесу», Ш.Уәлихановтың «Алтышаһарға сапар», Р.Б.Сулейменов, В.А.Моисеевтің «Чокан Валиханов – востоковед», К.К.Абуевтің «Чокан Валиханов и его современники», Ш. Валихановтың «Белые ночи Чокана» және т.б. қойылды.




