Қазақ және Беларусьтың ұлттық спорт түрлері: онлайн кездесу
19 қараша күні Абай кітапханасында «Қазақ және Беларусьтың ұлттық спорт түрлері» тақырыбында В.И. Ленин атындағы Могилев кітапханасымен онлайн кездесу өтті. Іс-шараға Семей қаласынан №6 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.
Семейлік оқушылар Могилев кітапханасының қатысушыларына қазақ халқының бәйге, жамбы ату, қыз қуу, ақсүйек сынды ұлттық ойындардың пайда болу тарихын, мәдениетпен тығыз байланысын және спорттық жарыс сипатындағы маңызын баяндап берді. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы екі елдің оқушылары «Қазақ халқының ұлттық ойындары» және «Белорускія народные гульні» атты кітаптармен жақын танысты.
В. И. Ленин атындағы Могилев облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі М. В. Елисеева Могилев қаласынан телекөпірге қатысушылар үшін
Беларуссияның ұлттық ойындары туралы кітаптарға шолу жасады.
Шара соңында белсенді қатысушылар естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.





