Әлем мойындаған Ұлы Абай: онлайн әдеби сағат
20 қараша күні Абай кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Әлем мойындаған Ұлы Абай» атты онлайн әдеби сағат өтті. Шара қазақ және ағылшын тілдерінде Шымкент қаласының Абай атындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен ұйымдастырылды.
Онлайн кездесуде кітапхана қызметкерлері оқушыларға Абайдың өмірбаяныменшығармашылығы бойынша презентациядайындап, Абай атындағы кітапхананың тарихытуралыәңгімеледі. Шара барысында қатысушылар М. Мұхамед пен Қ.Түсімбек Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа айтып, Н. Нұртор қарасөздерінен үзіндіоқыды.
Іс-шара соңында шымкенттік оқушылар Абай кітапханасының қызметкерлеріне сирек қор бойынша қызықты ақпарат үшін алғыстарын білдірді.




