Қадыр Мырза Әлі «Ой орманы»: әдеби-танымдық сағат
27 қараша күні Абай кітапханасында Семей қаласының №31 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 «А» сынып оқушыларының қатысуымен Қадыр Мырза Әлінің «Ой орман» шығармасына арналған әдеби-танымдық сағат өтті.
Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмірбаяны мен шығармашылық жолына қатысты «Wordwall» платформасы арқылы ойындар ойнап, мәтінді қаншалықты меңгергенін анықтайтын тест тапсырмаларын орындады.
Сонымен қатар, Қадыр Мырза Әлі қаламынан туған өлеңдер мен әңгімелер талданып, олардың мазмұны, идеясы және тәрбиелік мәні туралы пікір алмасу ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар табиғат әлеміне байланысты жұмбақтарды шешіп, ойлау қабілеті мен белсенділігін арттырды.
Шара соңында «Қадыр Мырза Әлі – Ұлт руханиятының шырақшысы» атты кітап көрмесі таныстырылып, ақынның әдеби мұрасының маңызын атап өтілді.





