Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тренинг
2014 жылдың 10-20 ақпан аралығында мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін «Компьютерлік сауаттылық» жобасының аясында «Интернет және электронды пошта» тегін оқыту тренингі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында өтті.
Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жаңа технологиялармен таныстыру. Күтілетін нәтиже: компьютерлік сауаттылық алу, Интернет арқылы сөйлесу, сұхбаттасу.
2014 жылдың 10-20 ақпан аралығында мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін «Компьютерлік сауаттылық» жобасының аясында «Интернет және электронды пошта» тегін оқыту тренингі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында өтті. Тренинг өзінің білімдерін дамытуға ынталы мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қысқа мерзімді оқыту-тренингтерін ұйымдастыру арқылы қолдау көрсету болып табылады. Оқу барысында екі қатысушы Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, шетел мүгедектерімен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, Интернет желісінде мүгедектердің білім алуы жайлы ақпаратты орналастыру, т.б. үйренді. Тренингтің құрылымы – электронды пошта, әлеуметтік жүйелер және Интернет арқылы сөйлесу, сұхбаттасу сияқты бөлімдерден тұрады. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың ішінде, әсіресе тірек-қимыл жүйесінің сырқаты бойынша үйден оқытылатындар үшін жаңа технологияларды білу өте қажет және пайдалы. Жаңа технологиялар бойынша ұйымдастырылған оқытулар қатысушылардың назарларын бір бағытқа шоғырландырып, өмірге деген белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік берді.