Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік: патриоттық сағат
10 желтоқсан күні Абай кітапхананың қызметкерлері «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің» дайындық бөлімінінің тыңдаушыларына «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты тақырыпта патриоттық сағат өткізді. Шараның мақсаты – оқырмандарға Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы тарихын кеңінен таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін арттыру болды.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейінгі тарихи кезеңдер, мемлекет дамуына үлес қосқан тарихи тұлғалар және мемлекеттіліктің қалыптасуы жайында мазмұнды ақпарат ұсынды. Қатысушыларға Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмесі таныстырылып, тәуелсіздік алған жылдардан бастап жеткен жетістіктер туралы танымдық деректер айтылды.
Патриоттық сағат аясында « Тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбында шағын бейнематериал көрсетіліп, жастардың отансүйгіштік сезімін нығайтуға бағытталған сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Шара соңында кітапхана қызметкерлері кітапханаға экскурсия жасап, сирек басылымдар қорындағы ерекше құнды басылымдармен, әр бөлімнің оқырмандарға көрсететін қызметтерімен танысты.





