Ұлт жаршысы «Қазақ» газетіне 100 жыл: әдебиеттер көрмесі
2013 жылдың 20 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана ұжымы «Мәдени сенбілік» шарасы аясында кітапхананың оқу залында «Ұлт жаршысы «Қазақ» газетіне 100 жыл» мерейлі күніне арналған шарасын өткізді.
Өткізілген күні: 20 сәуір 2013 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының оқу залы. Қатысушылар: кітапхана оқырмандары, қала тұрғындары. Қатысушылар саны 20 адам. Шараның мақсаты: Қазақ журналистикасының тарихында ойып алар орны бар, алаш үні болған «Қазақ» газетінің тарихы, қоғамдағы рөлі, газетті ұйымдастырушылар жайлы кең ақпарат беріп, осы басылым жайлы ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің мақалаларынан тұратын мерзімді басылымдар мен кітаптар көрмесімен таныстыру. Күтілетін нәтиже: Ақпаратты тыңдап, әдебиеттер көрмесімен танысқан оқырманның кітапхана қорындағы «Қазақ» газетінің жаңа басылымындағы алаш арыстары, қоғам қайраткерлерінің тарихи мақалаларын оқуға қызығушылығын туғызу.
2013 жылдың 20 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана ұжымы «Мәдени сенбілік» шарасы аясында кітапхананың оқу залында «Ұлт жаршысы «Қазақ» газетіне 100 жыл» мерейлі күніне арналған шарасын өткізді. Қатысушылар жасалған шолуды тыңдай отырып, қазақ баспасөзінде ғасырдан ұзақ тарихы бар, өз ұлтының шынайы жанашыры бола білген «Қазақ» газетін ұйымдастырушылар: редакторлары, шығарушы, бастырушы, сонымен қатар Мұхаметжан Тынышпаев, Қаражан Үкібаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Тұрағұл Құнанбаев және басқа да көптеген демеушілері, газет бетінде көтерген басты мәселелер: ел-жер, қоғам, саясат, оқу-ағарту, өнер-білім жайлы жарияланымдардың авторлары: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ж.Тілеулин, Р.Мәрсеков сынды қоғам қайраткерлері мен көркем әдеби туындыларын жариялатқан М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Б.Майлин, С.Дөнентаев сияқты тұрақты авторлары жайлы ақпарат алды. Шараға «Қазақ» газетіне қатысты мерзімді басылымдар мен кітаптардан тұратын әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды.