Тәуелсіздік – мәңгілік елдің мызғымас тұғыры: ақпараттық сағат
10 желтоқсан күні Абай кітапханасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Бизнес және сервис колледжінің студенттері үшін «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің мызғымас тұғыры» атты танымдық ақпараттық сағат өткізілді. Студенттерге б.з.д. VI ғасырда сақ тайпаларын басқарған Томирис патшайым дәуіріндегі ел тәуелсіздігі үшін жүргізілген күрес тарихы таныстырылды. Тәуелсіздік жолындағы шайқастар шеруі кейінгі ғасырлардағы ерлік оқиғаларымен жалғасты: XVIII ғасырдың соңындағы Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы, Тентек төренің, Арынғазы сұлтанның, Жоламан Тіленшіұлының, ағайынды Саржандардың, Кенесары Қасымовтың, Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістер ел азаттығы жолындағы күрестің жарқын беттерін толықтыра түсті.
Алашорда қайраткерлеріне тәуелсіздік идеясының жаршысы ретінде көрермендер айрықша қызығушылық танытты. Өйткені дәл осы тұлғалар демократиялық федеративтік республика құруды ұсынып, қазақ облыстарына автономия беру бастамасын көтерді. Олар қазақ қоныстанған жерлерді ұлттың меншігі деп танитын заңдар қабылдауды, сондай-ақ ана тілінде білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарын ашуды талап етті.
Жиналған қауымға 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі және тәуелсіздік жолындағы күрес тарихында өшпес із қалдырған қаһармандар – Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаевтың ерлікке толы тағдырлары таныстырылды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының 1991 жылдан бүгінге дейінгі жаңа тарихи кезеңі қамтылып, осы уақыт аралығындағы елдің экономикалық, мәдени және әлеуметтік жетістіктері студенттердің назарына ұсынылды.
Студенттерге Тәуелсіздіктің қалыптасу тарихын баяндайтын деректі фильм көрсетіліп, «Древо Независимости: от истоков к процветанию», Д.А. Аманжоловтың «Алаш: исторический смысл демократического выбора», «Декабрь 1986 » деректі шежіресі, «История Независимого Казахстана» және өзге де құнды еңбектер таныстырылды.






