Техноұрпақ: робототехника байқауы
22 желтоқсан күні Абай кітапханасының маманы №6 мектеп-интернатының оқушылары арасында робототехника бойынша байқау өткізді.
Байқауға «Арыстандар», «Технороботтар», «Франция» командалары қатысып, бақтарын сынады. Конкурс үш тапсырмадан тұрды: жиынтықты бөлшектеу, роботты құрастыру, роботты таныстыру.
Жұмыс барысында қатысушылар командалық жұмыс дағдыларын, техникалық білімдерін, ойлау қабілеттерін және шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша I орынды «Франция» командасы, II орынды «Арыстандар», III орынды «Технороботтар» командасы иеленді. Байқау қатысушылары грамоталармен марапатталып, арнайы сыйлықтар табыс етілді.








