Ғасырлар тоғысындағы Тәуелсіздік: дәріс-пікірлесу
12 желтоқсан күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері электротехника колледжінің студенттері әзірлеген «Ғасырлар тоғысындағы Тәуелсіздік» атты тарихи-өлкетану бағытындағы дәріс-пікірлесуге қатысты. Шара 15–20 ғасырлар аралығындағы Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңдерін қамтыды. Бұл іс-шара өлкентану мазмұнымен қатар тәрбиелік бағыттағы элементтерді де ұштастырды. Дәріс барысында Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей хандар, жоңғар шапқыншылығына қарсы жүз жылға созылған күрес және Орта жүздің қаһарман батырлары туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ шаруалы еңбеккерлердің тәуелсіздік жолындағы күресінде ерекше ерлік көрсеткен революция қайраткерлері Амангелді Иманов пен Әліби Жангелдиннің өмірі мен қызметі баяндалды. Қазақ халқының Отанын қорғаудағы тарихи үлесі, басқыншыларға қарсы азаттық жолындағы күресі және қазақтардың тәуелсіздікке ұмтылысы кеңінен қамтылды.
Сонымен қатар «Желтоқсан» жастар көтерілісінің тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуындағы маңызы да атап өтілді. Студенттер заңнама мен мемлекеттік рәміздер негізінде мемлекеттің қалыптасу кезеңдерін саралады. Олар «бостандық» және «тәуелсіздік» ұғымдарының мәнін талқылауға белсене атсалысты.
Шара барысында кітап тұсаукесері өткізіліп, арнайы көрме ұйымдастырылды. Оқушылар «Тәуелсіз Қазақстан тарихы», «Желтоқсан. 1986. Деректі шежіре», «Древо независимости: от истоков к процветанию», Д.А. Аманжолованың «Алаш: демократиялық таңдаудың тарихи мәні» еңбегі, «Қазақстанның әскери тарихының атласы» және Қабанбай батыр туралы кітаптармен танысты.




