Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік : ақпараттық сағат
13 желтоқсан күні Абай кітапханасында Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының жеке құрамына Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мерекесі күніне орай «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Шара барысында Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы басшысының тәрбие және идеология жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Сейсенов Арнұр Советхазыұлы қатысушыларды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, бұл күннің маңызын, ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқанын, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн екеніне тоқталып өтті.
Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейінгі тарихи кезеңдер, мемлекет дамуына үлес қосқан тарихи тұлғалар және мемлекеттіліктің қалыптасуы жайында мазмұнды ақпарат ұсынды. Қатысушыларға Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмесі таныстырылып, тәуелсіздік алған жылдардан бастап жеткен жетістіктер туралы танымдық деректер айтылды.
Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы жеке құрамының ефрейторы Розиев Ақжан Азатұлы Қайрат Рысқұлбековтің өлеңін оқып, III сыныпты сержант Аубакиров Ерлан Шайықұлы құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана ұжымына алғыс білдірді.





