Шет тілін оқытуда нейрожелілерді пайдалану: ақпараттық сағат
23 қаңтар күні Абай кітапханасында «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында шет тілін оқытуда нейрожелілерді пайдалану туралы ақпараттық сағат өтті. Іс-шараға Шәкәрім университетінің Филология жоғары мектебінің студенттері қатысты.
Ақпараттық сағат барысында қатысушылар жасанды интеллект ұғымымен және оның медицинада, өнеркәсіпте, әлеуметтік желілерде және басқа да салаларда қолданылуымен танысты.
Қазіргі таңда нейрожелілердің әртүрлі түрлері, соның ішінде мәтін, сурет және бейне жасайтын генеративті нейрожелілер қарқынды дамып келеді. Іс-шараға қатысушылар ChatGPT, Mistral, Gemini, Claude, DeepL сияқты нейрожелілердің түрлерімен, олардың шет тілін оқытуда қолданылу ерекшеліктерімен, сондай-ақ мәтін генерациялайтын нейрожелілермен танысты.
203-ПД тобының студенті Қайратов Алибек ChatGPT-ді мәтін аударуда қолдану тәжірибесімен бөліссе, Адильбекова Аяжан Gemini нейрожелісінің жұмыс істеу ерекшеліктері туралы баяндады.
Іс-шара соңында қатысушылар арнайы промттарды пайдалана отырып, ғылыми мәтін мен көркем әдебиеттен алынған үзінділерді аударып көрді.





