Конституцияның жаңа реформасы: талқылау
3 ақпан күні Абай кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерді түсіндіру және талқылау мақсатында кездесу өтті. Іс-шараны заңгер Қуатбек Исабаев жүргізіп, конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен маңызын атап өтті.
Кездесу барысында жаңа өзгерістердің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге, құқықтық мемлекетті нығайтуға бағытталғаны айтылды. Сондай-ақ қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, реформаның қоғам өміріндегі рөліне қатысты пікір алмасты.
Шараның басты мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және Конституцияда орын алған жаңашылдықтарды кеңінен түсіндіру.





