Сен сұлу: мастер-класс
Абай атындағы әмбебап кітапханасының өнер бөлімінде 2014 жылдың 7 наурызы күні кітапхана қызметкерлеріне 8 – наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Сен сұлу» атты шеберлік класын өткізді.
Сән әлемінің сан түрлі сиқыры мен құпияларын ашып, күннен күнге жаңарып отырған жаңалықтарымен таныстыру, сұлулық пен сымбат мүсін жайынан хабардар ету мақсатында ұйымдастырылған шараға бүкіл сән әлемінде алдыңғы орында жүрген «Мэри Кэй», «Орифлэйм» компанияларының Семей қаласындағы өкілдері қатысыты. Бет терісінің күтіміне, жеке бас тазалығына арналған парфюмерлік және табиғи өсімдіктердің қоспаларынан тұратын декоративтік косметикалар жайында қызықты мәліметтер беріп, аталмыш компаниялардың өнімдерімен қатысушылардың қалауы бойынша беттерін әрлеп, шеберлік класын көрсетті.
Сұлулық сырлары мен денсаулық күтімі жайында жан-жақты біліп, отбасы, ошақ қасында қажет болар пайдалы кеңестер, бойжеткеннің сұлулығының, қыз-келіншектердің ептілігінің сырын білу мақсатында деректі фильм назарға ұсынылды.