Қазақ және Америка дәстүрі -Kazakh and American National Cuisine: пікірталқы
2014 жылы 12 наурыз күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер бөлімі қызметкерлері Наурыз мейрамының қарсаңында «Kazakh and American National Cuisine» атты іс- шара өткізіп, оқырмандарды пікірталқыға шақырды.
Іс-шара барысында оқырмандар Қазақ және Америка елдерінің салт-дәстүріне тоқталып, көкейкесті сұрақтарын ортаға салды.
Шетел әдебиеті бөлімі қызметкерлері оқырмандардың сауалдарына жауап бере отырып, кітапхана қорындағы осы тақырыпқа байланысты кітаптарға шолу жасады.
Оқырмандар қазақ халқының қонақжайлылығын алға тарта отырып, америка мәдениеті жайында сөз қозғады. Жалпы халықтар арасында дәстүрлік ұқсастықтар бар екендігіне арнайы ақпараттар жасалды.
Шараға қатысушы әрбір оқырман тек қана осы екі ел арасындағы ұқсастықтар емес, басқа да халықтар арасындағы түрлі сәйкестіктерді сөз етіп, жалпы халықтар достығы әрқашан керек деген ойға тоқталды.
Аталмыш шарада басқа да түрлі ұлттардың ас үйлеріне шолу жасалды.