Кітапхана жобалары: тұсаукесер
2014 жылдың 12–ші наурызда Абай атындағы кітапхана қызметкерлері алғаш рет Кітапхана жобаларының тұсаукесерін ұйымдастырды. Кітапханағы 12 бөлім өздерінің жобаларын ортаға салды.
Жобалар төрт бағытта ұсынылды: бірінші бағытта – кітапханалық жобалар: «Жазғы оқу мектебі» (жазғы оқу орындарында, қоғамдық орындарда, демалыс орындарда), «Кітапхана күні» (кітапханаларда, кәсіпорындарда және қаланың мекемелерінде), «Күнтізбенің Халықаралық күні» (халықаралық мейрамдардың күнтізбесі), «Кітапхана сүюшілер айы», «Ашық есік»; екінші бағытта – білім жобалары ұсынылып, бұл бағыттың ішінде “Жас кәсіпкер” жобасы (жоғарғы сынып оқушыларын ғаламтормен жұмыс жасауды үйрету, веб-сайт құру, оқу сапасын дамыту); үшінші бағытта – кітапхана қабырғасында әр сала бойынша клубтар ұйымдастыру жобалары ұсынылды: «Ұрпақтар сабақтастығы» (әдістемелік жоба ауылдық кітаханаларда қолөнер үйремесін ұйымдастыру), фото-бейне үйірме «Объектив» (мүмкіндігі шектеулі жандарға) және «Шебер қолдар» (ұсталықты, қолданбалы қолөнерді үйрету); төрттінші бағытта – тақырыптық жобалар ұсынылды: «Туған өлкенің тарихы мен жетістіктері» (өлкетану басылымдарын насихаттау), «Сирек қор: Қазақ елі ғылыми басылымдарда» (кітапхананың сирек қорын насихаттау), «Орхон Енисей жазба ескерткіштерінің күні» (облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық кітапханалар мен мәдениет үйлеріне бірлесе өткізулеріне ұсынылады).