Франция еліне саяхат: кітап көрмесі
2014 жылы 1 сәуір күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер бөлімі Қазақстанның Франциядағы мәдени жылына байланысты «Франция еліне саяхат» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесіне Француз елінің мәдениетін, дәстүрін танытатын жауһарлары қойылып, оларға шолу жасалды. Іс-шара барысында оқырмандар Қазақ және Франция елдерінің салт-дәстүріне тоқталып, көкейкесті сұрақтарын ортаға салды. Шетел әдебиеті бөлімі қызметкерлері оқырмандардың сауалдарына жауап бере отырып, көрмеге қойылған осы тақырыпқа байланысты кітаптарға шолу жасады. Оқырмандар қазақ халқының қонақжайлылығын алға тарта отырып, Франция мәдениеті жайында сөз қозғады. Жалпы халықтар арасында дәстүрлік ұқсастықтар бар екендігіне арнайы ақпараттар жасалды. Шараға қатысушы әрбір оқырман тек қана осы екі ел арасындағы ұқсастықтар емес, басқа да халықтар арасындағы түрлі сәйкестіктерді сөз етіп, жалпы халықтар достығы әрқашан керек деген ойға тоқталды.