Құқық – әділет пен парасат жолы: көрме–сұрақ
2014 жылдың 10 сәуірінде Абай атындағы әмбебап кітапханасы қызметкерлері бизнес-колледж студенттеріне «Құқық – әділет пен парасат жолы» атты көрме-сұрақ ұйымдастырды.
Көрме-сұрақтың мақсаты: студенттерге өз құқықтарын қорғай білуге, заң алдындағы жауапкершілікті арттыруға және құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Шара барысында студенттердің құқықтық сауаттылықтарының деңгейі, ұйымдастырылған кітап көрмесіне қойылған оқулықтар бойынша тексеріліп, бірнеше сұрақтар қойылды. Ұтымды жауап берген студенттерге ынталандыру сыйлықтары таратылды. Көрмеге 50 кітап, 7 мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар қойылды.