Шебер қолдар
Абай атындағы кітапханада 2014 жылдың 12 сәуір күні «Өнер өлкесінде» сазды қонақжай клубының аясында «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесінің кезекті үйірме жұмысында қолөнер шебері Ақылия Садуақасова ши тоқудан және киіз бастырудан шеберлік сабағын өткізді.
Шеберлік сабаққа «Қайнар» колледжінің, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері қатысты. Сабақ барысында үйірме мүшелерімен бірге Германиядан келген Шәкәрім университетінің волентер ұстазы, қала қонағы Аксель Пой кітапханаға жол тарта келіп осы қазақы көріністің куәгері болды, өз қызығушылығын танытып қолөнер шебері Ақылия апамен бірге жүн сабау әдісін үйренді.
Сабақ соңында волантер Ақлия апамен жүн илеу, ши тоқудың жасалу жолдарын, әдіс – тәсілдерін өзіне жазып алып, бөлімдегі кітап көрмесін тамашалады, қонаққа кітапхана қызметкерлері қонақ кәде ретінде киіз үй мен түйе сувенирлерін тарту етті.