Тамыры терең татулық : этно-мәдени фестиваль
2014 жылы 25 сәуір Абай атындағы кітапханасы өнер және шетел әдебиеті бөлімі қызметкерлері бірлескен түрде, «Біз біргеміз, мықты біздің іргеміз!» жобасы аясында 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Тамыры терең татулық» атты этно-мәдени фестивальі мен халықтар достығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.
Іс-шараға қаладағы «Возрождение» неміс мәдени орталығы мен неміс ұлттық «Айнхайт» ансамблі және «Авиценна» колледжі студенттері қатысты.
Мерекелік іс-шараға қатысушылар «бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері өздерінің төл мәдениетін, тілі мен салт-дәстүрін дамытуда Қазақ елі татулықтың мекені» дей келе , аталмыш іс-шараның да алатын орны ерекше екендігін айтып өтті.
Бұл мәдени іс-шарада «Возрождение» неміс мәдени орталығы өздерінің ұлттық қолөнері мен салт-дәстүрлерін жастарға көрсетіп, неміс ұлттық «Айнхайт» ансамблі неміс халық әндерін құйқылжыта шырқады. Кітапхананың әркез тұрақты оқырмандарына айналған «Авиценна» колледжі студенттері тарту ретінде «Достық» әнін шырқап, «Қара жорға» биімен шашу шашты.
Іс-шара соңында ұйымдастырылған іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне өзіндік үлестерін қосқан кеш қонақтары мен студенттерін, кітапхана директоры А.Ә.Шаймарданова алғыс хатпен мараппаттады.
«Біз біргеміз, мықты біздің іргеміз !» деген кітапханалық жоба әр кез өз жалғасын таппақ.