Америка еліндегі құқық күні – Law day in the USA: ақпараттық сағат
2014 жылдың 6 мамыры күні Абай атындағы кітапхананың Шетел әдебиеттер бөлімінде «Америка еліндегі құқық күні- Law day in the USA» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырды.
Ақпараттық сағатқа волонтер, американдық азамат- Билл қатысты. Билл іс-шараға қатысушыларға құқық күнінің 1958 жылдан бастап аталып өтетіндігі туралы айтып, ағылшын тілінде Америка елінің заңы, азаматтардың құқықтары туралы ақпарат берді. Америка Құрама Штатында құқық күнінін 1 мамыр күні заң қызметкерлері атап өтеді, олар дөңгелек үстелдер, іс-шаралар , ұйымдастырады. Іс-шараға қатысушылар ағылшын тілінде Американдық азаматпен тілдесе отырып, қызығушылықты арттыру үшін арнайы ойындар ойнатылды.