Ғибратты ғұмыр иесі : кездесу, әдеби сазды кеш
2014 жылы 28 мамыр күні Абай атындағы кітапхана «31 мамыр қуғын- сүргін еске алу күніне» орай, кітапханалық «Библио-шаңырақ» жобасы аясында қоғам қайраткері Нұрғали Құлжановтың 145 жыл толуына байланысты «Ғибратты ғұмыр иесі» әдеби сазды кездесу кеш өткізді.
Кешке этнограф, өлкетанушы Б.Ерсәлімұлы шақырылып, қаладағы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж оқытушысы, аталмыш оқу орнында ашылған «Құлжановтар» бөлмесінің жетекшісі Шәріпова Үміт Оразамбайқызы «Нұрғали Құлжановтың қоғамдағы орны» тақырыбында баяндама жасады. Іс- шара шымылдығын Еураз- шоу ән-би театрының бишілері қазақтың танымал билерінің бірі «Кесе сылдырымен» ашты.
Шарада Педогогикалық крлледж бен «Авиценна» колледждерінің студенттері Н.Құлжановтың өмірінен хабардар екендіктерін білдіре отырып, кеш қонағы Б.Ерсәлімұлына өзіндік сұрақтарын қойып, педагогикалық колледжде Құлжановтанушылар тобы қайраткерге арналған жыр шумақтарын арнады. Алаштанушы Қ.Нұрқасымұлы өз шығармашылық туындысы «Алаш-Семей» әнін орындап, Алашшылар мәселесі төңірегінде сөз сөйледі.