Тарихтан тағлым, өткенге тағзым: кең көлемді кітап көрмесі
2014 жылдың 31 мамыры күндері ғалым, абайтанушы Қайым Мұхаметханов ескерткіші алаңында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай азалы жиын болды.
Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өңірлік ассамблеялардың мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, шығармашыл зиялы қауым, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғалымдар, еліміздің әр аймағынан және алыс-жақын шет елдерден келген лауазымды тұлғалар қатысты. Шараға Абай атындағы кітапхана тарапынан «Тарихтан тағлым, өткенге тағзым» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Нақақтан-нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары «ұлтым» деймін деп – «ұлы қылмыс» жасап, «халқым» деймін деп – «халық жауы» деген жала жабылып атылып кетті.
Көрмеге ұлт зиялыларының көзі тірісінде жария көрген сирек кітаптар мен кітапхананың бай қорынан ұлт зиялыларының жаңадан шыққан шығармалары мен мерзімді басылымдар қойылады. Тарихымыздағы қаралы күндерді естен шығармай, жадымызда сақтауымыз қажет.