Өлкетанушыға ескерткіш тақта қойылды
Өмірден өзі өтсе де есімі облыс тарихында қалған белгілі тарихшы, өлкетанушы, Абай атындағы кітапхананың тұрақты оқырманы, «Летопись Семипалатинских улиц», «Семипалатинск. Три века истории», «Храмы Семипалатинска: прошлое и настоящее» т.б. кітаптар мен басылымдардың авторы Виктор Николаевич Кашляктың есімін сақтау мақсатында, тұрған үйінің қабырғасына қойылатын ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне 2014 жылдың 6 маусымында кітапхана қызметкерлері де қатысып қайтты.
Жиында сөйлеген қаланың зиялы өкілдері Виктор Кашляктың өмірі және шығармашылығы жайында айта келіп, бүгінгі өтіп жатқан шара осындай өнегелі азаматқа көрсетіліп жатқан зор құрметтен туындағанын айтты.