Үлгілі отбасы – тәуелсіз елдің тірегі!: кездесу кеш
2014 жыл БҰҰ шешімімен Отбасы жылы болып жарияланған болатын. Осыған орай 2014 жылдың 6 маусымы күні Абай атындағы кітапханада «Үлгілі отбасы – тәуелсіз елдің тірегі!» тақырыбында екі буын көпбалалы отбасыларымен кездесу кеш ұйымдастырылды.
Шараға 11 бала, 31 немере, 16 шөбере тәрбиелеп өсіріп отырған «Тарбағатай өңірінің құрметті азаматы», еңбер ардагері Батхолдин Сейітқажы ата мен қазіргі жас буын 5 баланың анасы Түгелбаев Бақыт отбасыларымен қатысып, көп балалы отбасының басымдықтарын, береке бірлікте бала тәрбиелеудің қыр–сырымен бөлісті. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Р.Ж.Оспанова көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер туралы айтып өтті.
Кеш барысында кітапхана қызметкерлері отбасы құндылықтары туралы ақпараттар беріп, «Отбасы – қасиетті құндылық» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілімі ұсынылды.