Оқитын Семей!: акция
Абай атындағы кітапхана 2014 жылдың 11 маусымы күні Орталық саябақта қала тұрғындары үшін кітап оқылымды насихаттап, жұртшылықтың назарын кітап оқуға аудару мақсатында ерекше үлгіде «Оқитын Семей» акциясын өткізді.
Акция аясында қала тұрғындары мен саябақ демалушылары үшін кітапхана қызметкерлері «Буккорссинг» қозғалысын ұйымдастырды. «Буккроссинг»-кітапайналым деп аталады, бұл қозғалыс 2001 жылы АҚШ-тан бастау алған болатын. «Буккроссинг» қозғалысы «Өзің оқып болған кітапты келесіге бер» ұстанымына бағытталған. «Оқитын Семей» акциясы аясында кітапхана «Бұл кітап жоғалған жоқ, толық ақпарат кітаптың ішінде» түсіндірме парақшалары жапсырылған екі тілде 22 кітапты жазғы саяхатқа шығарды. Кітаптың ішіндегі парақшада -«Қымбатты оқырман! Абай атындағы кітапхана Сізді БУККРОССИНГ қозғалысына қатысуға шақырады.
Бұл кітапты оқып болған соң, қоғамдық орындарда қалдырыңыз (саябақта, дәмханада, демалыс орындарында, поезда т.б.). Кітапты тапқан адам осы үрдісті қайталауы қажет. Өтінеміз, біздің кітапханамыздың сайтына кіріп semeybib@yandex.kz, кітаптың жоғалмай, оқуға құштар адамның қолына тигенін хабарлаңыз» делінген. Айналымға Ө.Ақылбекұлының «Қырық қызық» (өлендер, ойындар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер); Б.Қабиқызының «Тауқымет»; Қ.Исабаевтың «Айқыз»; Т.Тұрсынқұловтың «Есіңде ме сол бір кез»; Виктор Меньшикованың «Повороты судьбы»; Аркади Стругацкийдің «Хромая судьба», Борис Стругацкийдің «Хищные веки века»; Сатімжан Санбаев пен Касым Бегалиннің «Мэтр» (Мәжите Бегалин туралы естеліктері), және т.б. кітаптары жіберілді.