«Компьютерлік сауаттылық» жобасының алғашқы қарлығашы
Мүмкіндігі шектеулі жандар ішінен ақпараттық технология саласында кәсіби түрде жұмыс жасауға қабілетті азаматтарды таңдап алуға бағытталған, 2013 жылы іске қосылған «Компьютерлік сауаттылық» жобасының алғашқы түлегі Дима Лободенко болды.
Сонымен қатар жоба мүгедек жандардың бұл саладағы білімдерін арттыруды көздейді. Тренингтер қатысушыларын өздерінің интеллектуалды мүмкіншіліктерін ашып көрсете алатындай, қоғамда өз-өздерін тең құқылы азамат ретінде сезінетіндей дәрежеге жеткізу – жобаның басты міндеті болып табылады. Абай атындағы кітапханасының Интернет орталығында Дима үш тренингтің: «Компьютерлік графика негіздері», «Adobe Photoshop орта деңгейі» және «Adobe Photoshop: тренерлік курс» тыңдарманы болды.
Енді ол өзінің алған білімдерін басқа адамдарға үйретуге дайын. Маусым айынан бастап Дима компьютерлік графика негіздері курсын бір топқа жүргізеді. Димамен бірге фотошоп негіздерін үйрене отырып, топ мүшелері түс пен реңін түзетуді; суретті өңдеуді; кемшіліктерді жоюды; сурет параметрлерін өзгертуді; кадрлеуді жүргізуді; белгілеудің барлық құралдарымен және белгіленген аймақпен жұмыс жасауды; полиграфияда қолдануға арналған суреттерді Photoshop бағдарламасында дайындауды; коллаждар, құрастырулар, жарнамалық бүктемелер жасауды және т.б. үйренеді. Интернет орталығы компьютерлік графика әлемін білуге құштар жандарды Димамен бірге үйренуге шақырады.