Менің қалам объективте: көшпелі фотосессия
8 шілде 2014 жылы Абай атыңдағы кітапханасында «Объектив» фотоклубы аясында мүмкіндіндігі шектеулі тұлғаларға Семей қаласының 296-жылдығына арналған «Менің қалам объективте» тақырыбында көшпелі фотосессия ұйымдастырылды.
Фотоклуб мүшелері осы тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты және қаланың ескерткіштер мен мәдени-тарихи көрікті орындарын фотоға түсіріп қана қоймай, сонымен қатар қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі Ертіс жағалауларындағы түсірілген кадрлары сәтті шықты.
Фотоаппарат объективіне қаланың мекеме орындары, орталық алаң, театр, демалып отырған жастар, су бұрқақ және ойын қызығындағы балалар түсірілді. Фотосессияға қортынды жасай келе фотоклубтың әрбір мүшелері
«Менің қалам объективте» тақырыбына эссе жазуға ниет білдірді.