Әлемнің жеті кереметі: фото-суретті көрме
Абай атындағы кітапхана 2014 жылы 18 шілде күні «Әлемнің жеті кереметі» тақырыбында фото-суретті көрмесі ұйымдастырды. Танымдық фото-сурет көрмесі жазғы саяхатшылар мен демалушы қала тұрғындарына, кітапхана пайдаланушыларына арнайы ұсынылды.
Әлемнің жеті кереметі – біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда Ескендір Зұлқарнайн Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері. Әлемнің жеті кереметі: Мысыр пирамидалары; Бабылдың аспалы бағы; Эфестегі Артемида ғимараты; Олимпиадағы Зевстің мүсіні; Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы; Родос аралындағы күн құдайы Гелиостың мүсіні; Александрия шамшырағы болып табылады.
Бөлім қызметкерлері әлемнің жеті кереметі – мүсін және сурет өнерінің теңдесі жоқ тамаша үлгілерінен шолу жасап өтті. Кітап көрмесіне осы әлемнің жеті кереметі жайында нақты ақпараттар беретін әр жылдары жарыққа шыққан кітаптар, жинақтар, түрлі-түсті фото-суреттер қойылған.