Сапалы фотосурет жасаудың ережесі: тренинг
2014 жылдың 23 шілдесінде Абай атындағы кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Объектив» фотоклубының аясында «Сапалы фотосурет жасаудың ережесі» атты кезекті тренинг өткізілді.
Алдымен қатысушылар сапалы фотосурет жасаудың басты алты ережесімен танысты. Олар: композиция қарапайымдылығы, «кесіндінің тепе-тең етіп бөлінуі» ережесі, кадрдағы бағыттаушы сызықтар, кадр композициясының біркелкілігі, алыстағы көріністі қоса алу және кадрлеу, фон элементтерінен объектіні бөліп алу. «Объективтегі менің қалам» атты өткен фотосессияда жасалған фотосуреттерге қарап, клуб мүшелері қай фотосуретте қандай ереже қолданылғанын анықтады.
Олардың ішінде сапасы жағынан өте жақсы фотосуреттер де кездеседі. Клуб мүшелері Лобуденко Дмитрий, Наймангожина Оранбике және Захарченко Алексей жасаған фотосуреттерді талқыға салып, өздеріне ұнағандарын қала туралы репортаж жасауға таңдап алды. Айтылған ережелерді толығырақ меңгеріп алу үшін клуб мүшелеріне еркін тақырыпта фотосуреттер жасап келуге тапсырма берілді.