«Киіз басу – ши тоқу» кәсіби шеберлік классы
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының өнер бөлімінде 2014 жылы 23 шілде күні ұйымдастырылған «Киіз басу – ши тоқу» кәсіби шеберлік классы «Шебер қолдар» үйірмесінің жарты жылдық қортындылау кешіне арналды.
«Шебер қолдар» үйірмесі жыл басынан жұмыс істеп келеді және жарты жылда әртүрлі топтар арасында, құрақ құру, ұршықпен жүн иіру, бізбен тоқу т.б. тәжірибелік сабақтарын өткізді.
Іс-шара барысында үйірме жетекшілері ақ жаулықты әжелеріміз текемет басудың технологиясы және ши тоқудың қыр-сырын үйреттіп, кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Үйірме жетекшілері кешке қатысушыларға қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан бұйымдарының бірі – ұршық туралы сөз етті, яғни ұршықтың шығу тарихы мен атқаратын қызметі жайлы таныстырды. Сонымен қатар текемет туралы ақпарат бере отырып оған ою-өрнек салудың технолиясын кезең-кезеңімен көрсетті және қарапайым шиді тұрмыстық жағдайда қолдану реттерін үйретті.
Үйірме жетекшілері басқосудың соңында жазғы демалыстан кейінгі басталатын оқу жылына үйірменің тақырыптары мен өткізілетін тәжірибелік жұмыстардың бағыттарын бекітті.