Н.Я.Коншин – далалы өлкені зерттеуші : ретро көрме-шолу
30 шілде 2014 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының Абай рухани орталығында кітапхана пайдаланушыларына далалы өлкені зерттеуші, тарихшы, этнограф Н.Я. Коншинның туғанына 150 жыл толуына орай «Н.Я.Коншин – далалы өлкені зерттеуші» атты ретро көрме-шолу ұйымдастырылды.
Өлкеміздің тарихында аты алтын әріппен жазылар тұлғалар біршама. Н.Я. Коншин бүкіл саналы ғұмырын далалы өлкені зертеу ісіне арнады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында далалы өлкені ғылымның сан-саласынан зерттеудің негізін қалаған Семейдің алғашқы қоғамдық мекеме Облыстық Санақ Комитетіне мүше болуы Н.Я. Коншиннің өлкені зерттеу ісімен түбегейлі айналысуына ықпал етті. 1901 жылы Н.Я. Коншиннің «Семей облысы қырғыздарының экономикалық тұрмысы» – атты ғылыми мақаласы жарық көрді. Осы жылы ол Абаймен танысып, оның соңы үлкен достыққа ұласады. Осы жайындағы маңызды мақалалар мен әр жылдары жарыққа шыққан кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.
Кітапхананың сирек басылымдар қорында сақталған Н.Я.Коншиннің еңбектерімен оқырмандарды кеңінен таныстыру мақсатында ретро көрмеге Коншин Н.Я. «По Устькаменогорскому уъезду: Путевыя замъетки», Коншин Н.Я. «Заметка об одном киргизском джуте», Жиренчин А. « Абай и его русские друзья» т.б. құнды кітаптары мен мерзімді басылымдар беттеріндегі тарихи мақалалар оқырмандар назарына ұсынылды.