Әлемге танылған тұлға : көрме-шолу
2 тамыз 2014 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Әлемге танылған тұлға» атты көрме-шолу ұйымдастырылды. Іс-шара «Нұр Отан» партиясының кезекті семинарына қатысушыларына арналған.
Кітапхананың алғашқы оқырмандарының қатарында болған қазақтың кемеңгер ақыны Абай үзбей оқып, уақыт өте келе тұрақты оқырманға айналған.
Шолу барысында поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып қала беретіндігі жайында айтылды.
Көрмеге ерекше назар аударылатын Абай заманындағы басылып шыққан ақынның өзі оқыған Спенсер, Тэйлор, Уоллэс, Милль, Льюис, Бокль, Гете, Байрон сында Батыс Еуропа ойшылдары мен ақындарының еңбектері және орыс классиктері Пушкин, Лермонтов, Толстой, Крылов, Тургенев шығармалары қойылды.
Сонымен қатар кітап қорындағы «Памятные книжки Семипалатинской области», «Селько-хозяйственный Обзоръ Семипалатинской области за 1914 годъ», далалы өлкені зертеуші Н.Я. Коншиннің «Заметка об одном джуте» сирек басылымдары пайдаланушылардың назарына ұсынылды.
Абай шығармаларының кітапхана қорындағы араб, ағылшын, қытай, көрей, өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдеріндегі басылымдары көрменің маңыздылығын арттыра түсті.