Фотосуреттегі табиғи және жасанды жарық: ақпараттық сағат
2014 жылдың 20 тамызында Абай атындағы кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Объектив» фотоклубы аясында «Фотосуреттегі табиғи және жасанды жарық» ақпараттық сағаты өткізілді.
Қатысушыларға әлемдегі фотографтардың бөліп көрсеткен фотосуретті жарықтандыру түрлері туралы толық мағлұмат беріліп, жарықтың фотосурет сапасына тікелей әсер ететіндігі туралы баяндалды. Ақпараттық сағат барысында клуб мүшелері ғаламтордан алынған фотосуреттердің үлгісінде жарық қалай дұрыс қолдану керектігін түсіндіруге тырысты. Қатысушыларға үй тапсырмасы ретінде табиғи және жасанды жарықты пайдалана отырып, бірнеше қызықты фотосурет жасап әкелу тапсырылды.