Толғауы тоқсан – туған тіл: кітап көрмесі
2014 жылдың 17 қыркүйегінде Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі қарсаңында кітапхана пайдаланушыларына арнап, «Толғауы тоқсан – туған тіл» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту, оқырмандардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, тіл байлығын жетілдіру, ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету – кітап көрмесінің басты талабы болып табылмақ. Оқырман назарына қазақ тілін үйренушілерге көмек-құрал, әдістемелік оқулықтар, сөздіктер, СD дискілер, тілдер мерекесіне арналған сценарийлер және мерзімді басылымдар беттерінен тілді дәріптейтін мақалалар ұсынылған.