Мәңгілік Ел-мәртебелі тіл: ақпараттық сағат
Абай атындағы кітапханада 2014 жылдың 25 қыркүйегі күні Семей өңірлік гарнизон әскери жасағының әскери қызметкерлеріне Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған шараларды жалғастырып, «Мәңгілік Ел-мәртебелі тіл» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Кітапхана қызметкерлері «Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс екендігін, осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай қазақ елінің, қазақ тілінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керектігін тілге тиек етті.
Елбасының: «… ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады! Оны даудың тақырыбы емес, Ұлттық ұйтқысы ете білгеніміз жөн» деген деген болатын. Шара барысында «Мәңгілік Ел-мәртебелі тіл» тақырыбында слайд көрсетілім ұыймдастырылып, кітап көрмесі жасақталды. Әскери қызметкерлерге «Күлтегін ескерткішінің Қазақстанға оралуы» тақырыбындағы деректі фильмі көрсетілді. Шара соңында тілге байланысты интеллектуалды ойын ойнатылып, белсене қатысқандарға сыйлықтар берілді. Әскери полиция жасағының жеке құрамымен жұмыс жасау жөніндегі орынбасары Д.М. Ысқақов кітапханаға өз ризашылықтарын білдіре келе М.Мақатаевтың өлеңдерін нақышына келтіре оқып берді.