Уақытты басқару: тренинг
Абай атындағы кітапханада «SEducation» жастар тренинг-орталығы өз жұмысын бастады. Алғашқы тренинг 28 қыркүйекте «Уақытты басқару» тақырыбында өткізілді. Тренингке қатысқан 12 адам өз өмірлеріне өзгерістер енгізуді көздейді.
Тренингке қатысу – өз өміріндегі дұрыс бағытты таңдап, сол бағытта әрмен қарай қозғалудың бірінші қадамы болып табылады. Орталықтың барлық тренингтері жеке тұлға ретінде қалыптасуға, өмірге деген көзқарасты өзгертуге, өзінің бойындағы кемшіліктер мен мықты жақтарынды анықтауға, жақсы әдеттерді иемденіп, жаман әдеттерден арылуға бағытталған. Тренингтер барлық жастағы адамдарға тегін және ақылы түрде дайындалған, қатысам деушілерге сенбі және жексенбі күндері келуге болады.
Байланыс телефоны: 8 777 063 17 53, ramazanovslh@gmail.com Адиль Рамазанов.