Халқы сүйген қаламгер: кездесу кеш
Абай атындағы кітапханада 2014 жылдың 6 қазан күні “Жалын” журналының бас редакторы, халық жазушысы, сазгер, әлем ойшылдарының басын біріктіретін “XXI ғасыр және Руханият” атты халықаралық элита клубының Президенті Мұхтар Шахановпен кездесу кеш өтті.
Шараға қаланың зиялы қауымы, ЖОО мен колледждердің студенттері және кітапханашылар қатысты.
М.Шаханов қазақы рух туралы, ана тілі туралы өзінің пікірін айтып, кешке қатысушылардаң сұрақтарына жауап берді. Өмірінің қызықты сәттерінен естеліктер айтып, «Ақ бантик» өлеңінің шығу тарихын әңгімелеп берді.
Поэзия сүйер қауым ақынның бірнеше өлеңдерін орындады. Кешке қатысушылар «Халқы сүйген қаламгер» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты.