Әбдіжәміл әлемі (Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 90 жыл): кітап көрмесі
2014 жылдың 23 қазанында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері студентерге және кітапхана пайдаланушыларына арнап, Әбдіжәміл Нұрпейсовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Әбдіжәміл әлемі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесіне қазақ әдебиетінің көк сеңгірі Әбдіжәміл Нұрпейсовтің ұшқыр қаламынан туған шығармалары оқырман назарына ұсынылды. Атап айтсақ: «Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» романы, «Күткен күн», «Сең» тағы басқа туындылары. «Қан мен тер» трилогиясында қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ ауылының жан түршігерлік трагедиялық жағдайы, бүкіл халық болмысы, ұлттық табиғаты мен күллі адамзатқа тән арман-мұраты қайталанбас қадау-қадау образ – характерлер арқылы айқын бейнеленген. Ә.Нұрпейісов тұтас бір кезеңдегі халықтың әлеуметтік-тұрмыстық, қоғамдық-психологиялық шежіресін кемел шеберлікпен жасап, мәңгілік маңызды мәселелерді мейлінше өткір, мейлінше кең толғаған. Жазушы шығармалары көптеген тілдерге аударылған. Кітап көрмесіне 32 кітап, 7 мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар қойылған.