Мейірімді жандар, көмектесейік!: қайырымдылық акциясы
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 1 топтағы мүгедек, «Книгоноша» кітапханалық жобаның қатысушысы Андрей Рябчунға арнайы ұйымдастырған «Мейірімді жандар, көмектесейік!» қайырымдылық акциясы БАҚ арасында жария болды. «Хабар» телеарнасындағы бейнеролик, «Казахстанская правда», «Экспресс К», «Арна» республикалық және жергілікті баспалардағы мақалалар көптеген адамдарды бей-жай қалдырмады.
Жалпы адамдардың санасында кітапхана – бұл азаматтарға қажетті кітаптар мен мерзімді басылымдарды тауып беретін мәдени ошақ ретінде қалыптасқан, бірақ Андрей біздің кітапханадан бір сүйеніш көріп, кітапхана қызметкерлерінен БАҚ арқылы өз өтінішін жұртшылыққа жария етуді сұрады. Андрей – мүгедектер арбасына таңылған жігіт, ол көп қабатты үйдің бесінші қабатында тұрады, жалғыз басты әке, бірінші сыныпта оқитын қызын сабақтан күтіп алып, ата-аналар жиналысына бару-қазіргі кезде оның арманы болып отыр. Қазір ол арнайы құрылғысыз өздігінен аяғын жаттықтыруда. Алайда аяғын нық басып жүріп кету үшін оған арнайы жүгіру-жаттығу құралы қажет.
Андрейдің бұл өтінішін кітапхана БАҚ көмегімен халыққа жеткізіп, бүгінгі күні мейірімді жандардың бар екенін атап айтып, үлкен алғысымызды білдіре аламыз. Қайырымдылық акциясының екінші күнінде-ақ Андрейге көптеген адамдар қоңырау шалып, жүгіру-жаттығу құралын бір аптадан кейін табыстады. Андрей және Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы бұл өтінішті бей-жай қалдырмай, көмекке келген екі адамға Балжан және Надяға алғыс білдіреді. Беймәлім болып қалғысы келген Балжан Андрейге арнайы жүгіру-жаттығу құралын сыйға тартса, ал Надя өзінің жеке көлігімен бұл құралды Андрейдің үйіне жеткізіп берді.