Мемлекеттің индустриалды – иновациялық даму бағыты: кең көлемді кітап көрмесі
2014 жылдың 4 қарашасында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері көпшілік оқырмандарға арнап «Мемлекеттің индустиалды – иновациялық даму бағыты» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды.
Ғылым мен техниканың даму денгейі жекеленген елдердің де, бүкіл әлем қоғамдастығының да, экономикалық және әлеуметтік – саяси дамуында үлкен роль атқарады. Қазіргі кезде еліміздің алдында тұрған мақсат экономиканы түзеп, жағдайды жақсартып индустриалды Қазақстан жасау. Сол кезде еліміз өзгеріп, басқа мамандар даярланып экономика жаңарады. Кітап көрмесінде: Н. Назарбаевтың « Халыққа арнау» « Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» және тағы басқа кітаптар мен мерзімді басылымдар беттеріне жарияланған мақалалар оқырман назарына ұсынылды.