Мәңгі алау естелігі: шым шиден панно жасау
Абай атындағы кітапхананың өнер бөлімінде 7 қараша 2014 жылы «Шебер қолдар» үйірмесінің кезекті сабағында жастардың танымдық қабілеттерін арттырып, қол икемін дамытып, әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу мақсатында «Мәңгі алау естелігі» атты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған шым шиден панно жасауды үйрету сабағы өткізілді.
Сабақтың өткізу барысында үйірме мүшелеріне арнайы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған кітап көрме жасақталып, шолу өткізілді. Сонымен бірге балаларға соғыс тақырыбына арналған суреттерден конкурс жарияланып, жеңімпаз атанған суреттен панноның эскизі таңдап алынып сабақ ары қарай жалғасын табады.